«2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 5-2 шешімі (2013.13.13. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 5-2 шешімі

(2013.13.13. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 14 ақпандағы № 15-3 шешімімен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013.26.06. № 10-2 шешімімен (2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара);  2013.13.12. № 14-1 шешімімен (2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. 2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2013 жылға келесі көлемде бекітілсін:

1) кірістер - 89 700 701 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер - 31 147 015 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 557 754 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 800 мың теңге;

трансферттер түсімі - 57 058 241 мың теңге;

2) шығындар - 90 733 832 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 989 743 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 3 395 465 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 2 405 722 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - -2 959 765 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 2 959 765 мың теңге:

қарыздар түсімі - 3 395 465 мың теңге;

қарыздарды өтеу - 492 462 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 56 762 мың теңге.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.